Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкентте ажырасқан ерлі-зайыптылардың суреттері телеарналардан көрсетілмек

Мына бір жаңалық Ташкент тұрғындарын естен тандырды. Енді ажырасқандардың аты-жөні “Вечерний Ташкент” және “Тошкент окшоми” газеттерінде жарияланатын болды.

1799611

Бұл туралы Sputnik Узбекистан хабарлайды.

Кеше Ташкент басшысы мен әйелдер кеңесі қатысқан отырыс болып өтті. Онда ажырасқан отбасылар санын қалай азайтамыз деген сауал көтерілген. Ташкент әкімі ұсынған тәсіл бойынша, енді ажырасқандардың аттары телеарналардан аталып, газеттерге жарияланбақ.

“Біз ажырасқандардың фамилиясын әр 15 күн сайын сағат 23:00-ден соң телеарнадан айтамыз. Егер ешқандай өзгеріс болмаса онда ол бағдарламаны сағат 21:00-ге ауыстырамыз. Егер бұл жағдайда да оң нәтиже шықпаса онда олардың суреттерін эфирде көрсетуге мәжбүрміз. Біз олардың құқығына қол сұқпаймыз, біз ашық мәліметтерді жария етеміз”, – деді Ташкент әкімі Рахмонбек Усманов.

Өз кезегінде Өзбекстан Республикасы әйелдер кеңесінің басшысы екінші тараптың қатысуынсыз жұпты ажырастыру жауапкершілігін өзіне алатын судьяларды жұмыстан қууды ұсынды. Еске салсақ, Өзбекстан бойынша Ташкент қаласы ажырасулар саны жөнінен көш бастап тұр.

Оқи отырыңыз:

Босқындар журналистің көзінше түсіру тобындағы аудармашы қызды зорлап тастады

Жас келіншек: Некесіз туған баламның әкесімен араласқаным дұрыс па?

Назарбаев пен Шаханов бір ауылда тұрады

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз қонақта жүрген жерінен табылды

Талқылау