Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәртіп бұзған полицейлерді «масқаралап» жүрген белсенді қамауға алынды

Автомобиль жүргізушілері қоғамының белсендісі Руслан Жанпейісов қамауға алынды. Полицейлердің тәртіп бұзған сәттерін видеоға түсіріп, жариялауымен танымал болған 36 жастағы азамат ақша бопсалады деген айппен ұсталды,-деп жазды КТК арнасы.

белсенді

Көлік жүргізушілерінің құқығын қорғайтын ұйымның мүшесі Руслан Жанпейісов әуелде тек өзі туып-өскен оңтүстіктің погондыларының қытығына тисе, кейіннен жалпы ел көлеміндегі полицейлердің заңсыз әрекеттерін жариялап жүрген-ді. Алайда атақпен бірге жаулары да көбейген ол енді ақша табуға кіріскен сыңайлы.

Яғни кезекті мәрте түсірген видеосын жарияламау үшін 50 мың теңге бопсалаған көрінеді. Оны осы әрекеті үшін қамауға алған күнгейлік полицейлер бұл жігіттің бұрын да дене жарақатын салғаны үшін сотталғанын айтқанымен, оңай ақшаны кімнен өндірмек болғаны туралы әзірге айтпай отыр.

Оқи отырыңыз:

Желіде Шымкент полициясы бастығының көлік жүргізушісіне көмектескен сәті пайда болды (видео)

Алматыда полиция көлігі жүргіншілер жолағындағы баланы қағып кетті (видео)

Полиция жүргізуші куәлігін сатып алдым деп мақтанған қызға қатысты ақпаратты тексеріп жатыр

ОҚО-да 130 шөбересі бар әжей 100-ші көктемін билеп қарсы алды (фото)

Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)

Талқылау