"Тәрбиелеу" мақсатында: Бішкекте ер адам 8 жастағы жиенін көлігімен 20 метрге дейін сүйреді (видео)
Бішкекте ер адам 8 жастағы жиенін BMW көлігіне тиеп алып, 20 метр жерге дейін сүйреген. Бұл туралы әлеуеттік құрылымдардың қызметкерлері Kaktus.media басылымына хабарлаған, деп жазады Stan.kz.

27 сәуірде Бішкектегі Первомайлық АІІБ-ге "Алтын-Қазық" атты тұрғын үйлер кешенінде баланы біреу ұрып жатқандығы жайлы хабарлама түскен.
Оқиға орнына милицияның қызметкерлері барған. Олар көршілерді сұрастырып, 2010 жылғы К.Ж. есімді бала сағат 8:00-де апасының үйінен ақша ұрлапты-мыс. Оны нағашы ағасы, 1986 жылғы Б.С. ағасы ұстап алыпты.

Милиция қызметкерлері ұлды 3-ші балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер оны қарап шығып, нейрохирургия бөліміне жатқызды. Баланың анасы Ресейде жұмыс істейді.

Фото: Kaktus.media
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”