"Тәрбиелеу" мақсатында: Бішкекте ер адам 8 жастағы жиенін көлігімен 20 метрге дейін сүйреді (видео)
Бішкекте ер адам 8 жастағы жиенін BMW көлігіне тиеп алып, 20 метр жерге дейін сүйреген. Бұл туралы әлеуеттік құрылымдардың қызметкерлері Kaktus.media басылымына хабарлаған, деп жазады Stan.kz.

27 сәуірде Бішкектегі Первомайлық АІІБ-ге "Алтын-Қазық" атты тұрғын үйлер кешенінде баланы біреу ұрып жатқандығы жайлы хабарлама түскен.
Оқиға орнына милицияның қызметкерлері барған. Олар көршілерді сұрастырып, 2010 жылғы К.Ж. есімді бала сағат 8:00-де апасының үйінен ақша ұрлапты-мыс. Оны нағашы ағасы, 1986 жылғы Б.С. ағасы ұстап алыпты.
"Тәрбиелеу" мақсатында ағасы кәмелеттік жасқа толмаған баланың қолын байлап, көлігіне қадаған. Сосын жиырма метрдей жерге дейін сүйреген.
Милиция қызметкерлері ұлды 3-ші балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер оны қарап шығып, нейрохирургия бөліміне жатқызды. Баланың анасы Ресейде жұмыс істейді.
Факи бойынша қылмыстық іс қозғалды. Милиция күдіктіні қолға түсірді.
Фото: Kaktus.media
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген