Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Тәрбиелегенің үшін рахмет!": Анасына сақина сыйлағысы келген 9 жасар бала 82 мың теңгені тиынмен төледі (видео)

Қытайдың Линьсянь қаласында 9 жасар бала анасына сыйлық жасау үшін 1 500 юаньді (82 мың теңгеден аса) тиынмен төледі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, 12 мамырда Го Ифань анасына қуантқысы келіп, зергерлік дүкенге барған. Ол анасынан өзіне ұнаған сақинаны таңдауын сұрапты. Мұнан кейін 9 жасар бала рюкзагынан екі үлкен ақша жинайтын сандықшаны алып шығады. 

Видеодан Ифаньнің сандықшаны сындырып, көп тиынды шашқаны байқалады. Сатушылар оның әрекетіне таңғалып, тиындарды санауға көмектесті.

 

Анықталғандай, ол 1 500 юань (82 мың теңгеден аса) жинаған екен. 

Ифаньнің анасы ұлының әрекетіне қуанғанын айтты. Өз кезегінде 9 жасар бала анасына берген тәрбиесі үшін бұрыннан бері алғыс айтқысы келіп жүргенін жеткізді.

«Анам жанталасып жұмыс істейді. Оның әдемі әшекейі жоқ. Тәрбиелегенің үшін рахмет!» - дейді Ифань.

Ифань аталған соманы 2 жылдан аса уақыт жинаған екен. Ол сақинадан бөлек, әжесіне арнап алқа сатып алды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр