Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы ата-анасынан айырылған ағалы-қарындастың тағдыры елді жылатты (видео)

Медет пен Меруерт есімді бүлдіршіндердің ата-анасы жақында жол апатынан қайтыс болған.

Олар қазір Жамбыл облысының Көктөбе ауылында тұрып жатыр.

“Бұл балақайлар Тараздың Қордайының Көктөбе ауылында тұратын Медет пен Меруерт. Медет 10 жаста, Меруерт 8-жаста. 2013 жылы 24 тамыз күні Алматы-Қордай трассасында ата-анасы ДТП-дан бір сəтте қайтыс болады. Арттарында аңырап 5 жасар Медет пен 3 жасар Меруерт қала берді.

Балалардың əкесі жалғыз ұл болатын. Əкелерінің əпкесі Дəмеш осы балаларға қазіргі таңда қарап отыр. Дəмештің екі қызы бар, үлкені студент, кішісі бүгін 9-сыныпты бітірді. Күйеуі 2011 жылы ауырып қайтыс болған. Көмектесетін адам жоқ. Қордайға, аудан орталығына көшкілері келеді. Себебі, ауылдағы мектепте бала саны аз. Аз болса, интернатқа басқа ауылға барып оқиды. Осы балалар туралы ақпаратты естіген күні мен өз көзіммен көріп, жағдайларын біліп келуге Көктөбеге бардым. Құдайға шүкір, аш-жалаңаш емес, бірақ, сонда да болса, аудан орталығына жақындағылары келеді. Көктөбе алыс шалғайдағы ауыл екен, қыста қалаға қатынау тоқтап қалады.

17 мамырдан бастап инстадостарымнан қаржы жинай бастадым. Дəл қазіргі сəтте 2 жарым миллион теңге жиналды. Бүгін Қордайға барып үйлердің бағасын біліп келдім. 6 миллионнан кемге жоқ екен. Ендігі, сіздерден өтінерім, осы балалар үшін парақшаларыңызға РЕПОСТ жасап көмектесіп жіберіңіздерші. 200 теңге болса да осы рамазан айында жинап, осы балаларға ұнатқан үйлерін əперейікші Алла разылығы үшін. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған қасиетті қазақ деген халықпыз ғой”, – деп жазады Эльмира Ешниязова есімді келіншек парақшасында.

Желі қолданушылары сабырлық тілеп, қолдан келгенше көмектесетінін жазып жатыр.

Қордайлық инстақыздармен шəйімізді ішіп,енді ғана жаттық.Бағанағы 10-соток жері бар үйді ұнаттым,бірақ, көшелері қуыс-қуыс,қап-қараңғы, свет жоқ екен, Астананың дачный районындағы үйлер сияқты,асфалт жоқ,жаңбыр жауса ми батпақ болатын район. Қыста балаларға жүру қиын-ау деп ойлап жатырмын, тем более Меруерт кішкентай.Түстен кейін оқитын боп қалса,қыста сағат 5-тің кезінде дала қап-қараңғы болып кетеді.Ещё документі дұрыс емес екен,жасап жатырмыз,бір айда дайын болады дейді.Ертең тағы да басқа үйлерді көреміз.Негізі,Қордайда сатылатын үйлер өте көп,бүгіннің өзінде 30-шақты үй қарап тастадық.Ми ашып кетті. Үйлерінің бағасы өте қымбат,жəман құлайын деп тұрған 70-жылдардағы салынған шірік, сасық үйлерін “6 миллион теңге!”- деп шіреніп жатыр ғоКрышалары баяғы заманский шипырмен жабылған,полдары ағаш, жүрсең сықыр- сықыр етеді.Потолоктары низкий.Фундаменттері жерге кіріп кеткен,өтірік цементпен штукатуриттап қойған типа биік сияқты қып.Көз алдыма бағанағы көрген үйлерді тізбектетіп елестетіп жатып ойланып қарасам, əкелерінің құнын сұрап отырған үйлерінің кескіні кескін емес, беспантовый үйлер.Əлдəəəқандай қылып,құлайын деп тұрған үйлеріне ұялмай 20-мың доллар сұрайды ғой ещё.

Публикация от Эльмира Ешниязова Строитель (@elmira_eshniyazova)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау