Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жолынан қалған жолаушылар шу шығарды

Ауа-райының құбылуынан ондаған жолаушы діттеген жерлеріне жете алмай әуежайда сағаттап тұруға мәжбүр болды. Ақтау-Шымкент-Алматы бағыты бойынша көкке көтерілген әуе кемесі қалың тұманның кесірінен Шымкентке қона алмай, борттағыларды Тараздан түсіруге тура келді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

«Bek Air» әуе компаниясына тиесілі ұшақ бүгін таңғы 4-тер шамасында Ақтаудан ұшып, Шымкентке 3 сағаттан соң қонуы тиіс еді. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан әуе көлігінің жерге табан тіреуге мүмкіндігі болмай, 36 жолаушысы бар ұшақ Таразға келіп тоқтады.

Жолаушылардың айтуынша, күндізгі сағат 12-ден бері әуе тасымалына жауаптылар олардың хәлін сұрап келмек түгілі төбе де көрсетпеген. Мұндай бейқамдық бұқараның наразылығын туғызды. Тек ел шу шығарған соң ғана «Bek Air» компаниясының өкілдері зыр жүгіре бастады. Яғни Шымкенттегі жолаушыларды шұғыл автобуспен Таразға алдырып, бәрін қосып осы жерден Алматыға аттандырды.

12 сағат өтті Ақтаудан бастап нәр-су жоқ, ас жоқ.  Ішінде жас балалар бар, үлкен кісілер бар. Мүгедектер бар. Олай істеуге  болмайды ғой. Қалай да халыққа қызмет ету керек қой”, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Зүлфия Сәрсенғалиева
Тағы оқыңыз:
Алматы облысында 26 жастағы шопан кісі қолынан қаза болды

Тамара Дүйсенова ереуілдеткен шахтерлерге неге бармағанын айтты

Көпқабатты үйдің ауласынан 17 жастағы алматылықтың мәйіті табылды

STAN.KZ
Бейсенбі, 21 Желтоқсан, 2017 07:42
Талқылау