Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жомарт жандар сегіз балалы жалғызбасты анаға үй алып берді

Таразда жалғызбасты ана пәтерлі болды. Сегіз баланың анасына демеушілер үй алып берді.

Жалғызбасты ананың баспаналы болуына “Зекет” қайырымдылық қоры себепші болды. Облысқа іс-сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз баспаналы болған анаға пәтер кілтін өзі тапсырды.

“Баспанаңыз құт-берекеге толы болсын. Қонысыңыз құтты болсын”, – деді Серікбай қажы Ораз.

Баспаналы болған Айгүл Әмреева қайырымдылық жасап, көмек қолын созған жандарға ризашылығын айтып, алғысын жеткізді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау