Таразда белгісіз біреу көшеде полицейге оқ атты

Тараздың шағын аудандарының бірінде белгісіз біреу полиция қызметкеріне оқ атты, деп хабарлайды BNews.kz.  Тәртіп сақшысы мен күдікті ауруханаға жеткізілді.

оқ-атты

«Бүгін сағат 16:30-да «Борышкер» ЖАШ өткізу кезінде Тараздағы шағын аудандардың бірінде белгісіз біреу полиция қызметкеріне оқ атты. Әзірге қару анықталған жоқ», – деп мәлімдеді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Ұстау кезінде күдікті жараланды. Қазіргі таңда полиция қызметкері мен күдікті ауруханаға жатқызылды.

«Күдікті бұрын да істі болған, есепте тұрған. Ол діни экстремист емес, ІІД Экстремизммен күрес басқармасының есебінде жоқ», – деп нақтылады баспасөз қызметінен.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен барлық қатысушыларды анықтау бойынша жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар