Таразда белгісіз біреу көшеде полицейге оқ атты
Тараздың шағын аудандарының бірінде белгісіз біреу полиция қызметкеріне оқ атты, деп хабарлайды BNews.kz. Тәртіп сақшысы мен күдікті ауруханаға жеткізілді.

«Бүгін сағат 16:30-да «Борышкер» ЖАШ өткізу кезінде Тараздағы шағын аудандардың бірінде белгісіз біреу полиция қызметкеріне оқ атты. Әзірге қару анықталған жоқ», – деп мәлімдеді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен.
Ұстау кезінде күдікті жараланды. Қазіргі таңда полиция қызметкері мен күдікті ауруханаға жатқызылды.
«Күдікті бұрын да істі болған, есепте тұрған. Ол діни экстремист емес, ІІД Экстремизммен күрес басқармасының есебінде жоқ», – деп нақтылады баспасөз қызметінен.
Қазір оқиғаның мән-жайы мен барлық қатысушыларды анықтау бойынша жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"