Таразда баланы сойып жейтін каннибалдар пайда болғаны туралы ақпарат тарады

Таразда адам жегіштер туралы ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр. Олар жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Таразда баланы сойып жейтін каннибалдар пайда болғаны туралы ақпарат тарады

Желіде қалада адам жегіштер пайда болғаны туралы жалған ақпарат таратқандар, тіпті, видео да жариялаған.

Белгісіз біреулер таратқан хабарламада Таразда белгісіз бір қылмыскердің балалардың өлтіріп, жеп жүргені жазылған. Ал видео кадрларында полицейлер қоқыс шелегінен баланың басын алып шығады.

Шындығына келгенде, қалада ешқандай каннибал жоқ. Ал желіде тараған видео 2015 жылы түсірілген. Сол кезде Оңтүстік Қазақстан облысында әйел 6 жасар туысқан сіңлін өлтіріп, басын кесіп алып, қоқыс шелегіне лақтырып жіберген. Мұндай сұмдыққа барған әйелдің психикалық ахуалы дұрыс емес деп танылып, мәжбүрлі түрде ем алуға жіберілген.

Ендігі полиция сол видеоны желіде таратып, тараздықтарды шошытып жүрген адамды іздестіруде.

«Жалған ақпаратты таратқан тұлға анықталған жағдайда оған ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша үш жылға дейін немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады», – дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар