Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы атыста әріптесін қылмыскерден қорғаған полицейлер марапатқа ұсынылады

Жамбыл облысы ІІД басшылығы полиция қызметкерлері Данияр Зауырбек пен Бекжан Тіленшиевті ҚР мемлекеттік наградасына ұсынуға шешім қабылдады, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

20160429090745

Еске салсақ, 19 маусымда қаланың 6-шы шағынауданында учаскені торуылдау кезінде Тараздың ІІБ полицейлері полиция сержанты Бекжан Тіленшиев атыс дыбысын естіп, көп қабатты үйдің кіреберісіне кіріп кеткен қарулы қылмыскердің ізіне түседі.

Оқиға орнына жақын жерде жүрген полицияның учаскелік аға сержанты Данияр Зауырбек жетті. Кіреберісте екі қабат арасындағы сатыда ол белгісіз біреу Тіленшиевке қарсы оқ атқанын байқады.

«Қорғана жүріп, Зауырбек қылмыскерді дәл көздеп, оған қарсы оқ атты. Артынша ұялы телефонынан «102» нөміріне қоңырау шалып, жедел жәрдем шақыртты. Атыс кезінде жол-патрульдік полиция қызметкері Тіленшиев ауыр жарақат алды», – деді ІІД баспасөз қызметінде.

Полиция инспекторы  Зауырбек пен жол-патрульдік полиция қзметкері  Тіленшиевтің  ширақ, батыл қимылының арқасында қылмыскер ұсталып, залалсыздандырылды.

Тіленшиевтің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған едік.

Талқылау