Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал топтың экс-солисі отандық жобаның іріктеу кезеңінен өте алмады

Отандық арналардың бірінен жүріп жатқан I am a Singer жобасы биыл жеңімпазға 50 миллион теңге беруді жоспарлап отыр. Осыған орай, жобаға сахнаға шығуды армандап жүрген жас әншілер де, еңбегі сіңген әншілер де қатысуда, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Танымал топтың экс-солисі отандық жобаның іріктеу кезеңінен өте алмады

Мәселен, өткен аптада Бейбіт Қорған мен Еркін Мәулен бағын сынап көрмек болды. Сондай-ақ, Алуа Қонарованың экс-шәкірті де I am a Singer-дің сахнасын бағындыруға тырысты.

Сандуғаш Жұмағұлова “Ayumi” тобында бір жылға жуық өнер көрсетті.

“Қазір ол топ жоқ. Топ тарағанда қапаландым. Әлі күнге дейін біз қатысқан концерттерді, түсірілмдерді қайта көріп отырамын. Балаға ойыншықты көрсетіп, бірақ бермей қойғандай сезімде жүрмін. Енді сол ойыншықты алғым келеді”, – деген Сандуғаш іріктеу кезеңінде Мақпал Исабекованың “Мен жайлы” атты әнін шырқады.
Алайда Сандуғаштың өнері Мақпалға аса ұнамады.

“Таза болған жоқ. Жоғарғы ноталарға кеткенде мен өзімді естіп қалдым. Мені көп тыңдап жіберген сияқтысың”, – деп сынады ол.

“Қатты қобалжыдың, Сандуғаш. Өйткені ноталардан ауытқыдың. Қиын ән. Модуляцияға түсіп тұрудың өзі өте қиын, қателеспесем Ринат Гайсиндікі. Байқауда барлық әншілер қобалжиды, сізге дейін де, сізден кейін де келгендер қобалжиды. Оның барлығына көз жұма қарайтын болсақ, біз осы жерде отырмай-ақ қояйық”, – деген Сәкен Майғазиев те Сандуғашқа келесі кезеңге өтуге мүмкіндік бермеді.

Жобаның үшінші төрешісі де Сандуғашқа “жоқ” деп жауап берді.

“Көптеген адамдар дәл осылай ән айта алады. Бәлкім сен әбден жаттыққан шығарсың. Бірақ мен оны сезінген жоқпын, сондықтан да мен саған “жоқ” деймін. Себебі сенің әлеуетің зор, ал сен оны аша алмадың”, – деді рок-музыкант Элхан Ахмедов.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау