Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал рэпер концерті кезінде тыңдарманының басын жарды

Рэпер Noize MC концерті кезінде жанкүйерінің басын жарып қойды.

Рэпер Noize MC

Әнші тыңдарманынан кешірім сұрады. Келесі жолы сахнадан ұшып келе жатқан затты қағып алуға кеңес берді.

Рэпер Иван Алексеев Ресейде концерті кезінде микрофоны бар таяқшаны лақтырды. Ол залдағы көрерменнің бірінің басын жарақаттады. Әнші біреуге зиян келтіру ойында болмағанын айтып, тыңдарманына кешірім сұрады.

Әнші тыңдарманының өзіне жеке айтпай, сұхбат арқылы бұл жайтты жария қылғанына ренжіді.

“Менің тарапымнан аудиторияға деген сенім болып тұр. Микрофонды кейін қайтарады деген ниетпен лақтырдым”, – дейді рэпер.

Ол тыңдармандарына лақтырған затты қағып алуға кеңес берді.

Noize MC – ресейлік музыкант. Бірнеше жанр мен стильде ән айтады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда өнер көрсеткен.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау