Танымал режиссер жаппай кино түсіруге көшкен әншілерді сынап тастады

«Әнші де, әзілкеш те бүгінгі қазақ киносының болашағына балта шауып жатыр» – дейді Ермек Тұрсынов. Өнер жолындағы кәсібімен қатар, кинонарыққа қол созған танымалдардың туындылары туралы режиссердің өз айтары бар!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Тек жалқау ғана кино түсірмейтін болды бізде. Бәрі киноға ауып кетті. Бұл кино емес, бұл жай ғана мазақ. Мұны америкалықтар «интертэймент» дейді. Біреулерге ермек, біреулер ақша қуалап жүреді, оңай ақша деп.. Көрерменнің надандығын біле отырып, қалталарын ақтарып отырады. Меніңше бұл өте қауіпті нәрсе. Мәдениетімізді төмендетіп, санамызды бұзады”, – дейді Ермек Тұрсынов.

Бұл қазақ киносының болашағына бас ауыртқан Ермек Тұрсыновтың жан-айқайы. Ол, талантты актерлар мен кәсіби режиссерлардың нанына ортақтасқан  өзге өнер өкілдерінің тірлігін түсіне алар емес.

“Мен мәселен сахнаға шығып өлең айтпаймын ғой. Немесе кино түсірсем кадрға кіріп, менің әртістік қабілетім жоқ. Мен оны білемін, сеземін де өзім кадрға кірмеймін. Бұл маған бөтен нәрсе. Бұлар қорықпайды. Қалай қорықпайды? Мен соған таңқаламын да”, – дейді режиссер.

Иә, бүгінде бұл үрдіс отандық киноиндустрияда белең алып тұр. Мәселен, әнші Бүркіт өткен жылдың соңында дебюттік картинасын қалың көпшілікке ұсынып, өзінің режиссерлық қырын танытқан болатын.

“Ойлайды осы әншілер эстрадаға да барады, киноға да барады, осылардан басқа ешкім жоқ па дегендей. Жоқ, бұл өзімнің жан-дүниемнің талабы. Мысалға, біз кино түсіріп жатсақ оған біз ақша құйып жатырмыз. Жұмыс орындары мен актерларға жұмыс беріп жатырмыз”, – дейді Бүркіт.

“Адам егер өз-өзіне объективті көзбен қараса, шын көзімен. Егер өз-өзін алдамаса, мен кино түсіре аламын ба, кино түсіргенде мен бір ақиқатты іздеп жүріп, осы ақиқатты елге таратып айта аламын ба, ондай хақым бар ма, деген сұрақтарды өзіне қоя алса, түсірмес бұрын… Онда апта сайын біздерде кино шықпайтын еді”, – дейді Ермек Тұрсынов.

Әр кинотуындысын ой елегінен өткізіп, талғап таспалайтын Тұрсынов, осы жылы «Киномеханик» атты жаңа картинасының тұсауын кесуге ниетті.

Жіберіп алмаңыз:

Луина алты жыл азаматтық некеде тұрған продюсерімен айырылысты

Зарина Омарова алғаш рет өмірін өзгерткен жол апаты жайлы айтты

Вайнерден режиссерге дейін: Қорқынышты фильм түсірген Батыров әріптестерін таңғалдырды

Динара Сәтжан өзін айыптаған сәнгерді сотқа бермек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар