Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал продюсер “Музарт live” финалисін өз қарамағына алды (видео)

“Музарт live” жобасында көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген Райымбек Сатыбалды енді Серік Ибрагимовтің продюсерімен бірге жұмыс істейді. Бұл туралы Алтынбек Рахметовтің өзі айтты.

20759683_1970443759909762_2338203805377626112_n (1)

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Продюсер жаңа жобасын алғаш болып өзінің туған жері Павлодар өңіріне таныстырды.

“Әр қолыма алған әншінің өз туған жерімде тұсауын кесуді дәстүрге айналдырдым. Қадамың берік болсын, Райымбек! Ресми түрде жария қылғым келеді. Райымбек Сатыбалдының жеке әнші ретінде Павлодар қаласында тұсауы кесілді. Қабыл алыңыздар”, – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, ерекше харизмасымен әрі көңілді бет-бейнесімен елді баурап әкеткен Райымбекті жұрт “екінші кап-карашка” ретінде таниды.

“Музарт live” жобасына қатысқан талантты жігіттердің біразы дерлік бүгінде ел алдында жүр. Жеңіс тұғырынан көрінген төртеуі “Музартпен” бірге жұмыс істеп жатса, Қуандық Рахым жеке әнші ретінде танылуда. Иса Әлимұсаның да тыңдарман аудиториясы қалыптасып үлгерді. Ал қоңыр даусымен көпті тәнті еткен Қосқанат Көпжасар бүгінде Гаухар Сардарбекпен дуэт құрған.

Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаева: Жанды дауыспен ән айтуға байланысты заң шықса, барлығы өзгереді

Күйеуімен дуэт айтқан Гүлзира Айдарбекова желіні шулатты (видео)

Немерелерін арқалап алған Рамазан Стамғазиев жұртты сүйсіндірді

Ерке Есмаханның әнін енді әжелер айтып жүр (видео)

Талқылау