Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал продюсер Алпамыс Шәрімов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Биылғы жылы Голливудты қазақ домбырасының күмбірімен тәнті етіп, жүлдені қанжығасына байлаған «Бастау» тобының продюсері Алпамыс Шәрімова шаңырақ көтерді. Күні кеше дүркіретіп тойын өткізген жігіттің серісі соңғы сәтке дейін отау құратынын жасырып келген, деп хабарлайды Stan.kz.

Танымал продюсер Алпамыс Шәрімов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Алпамыс Шәрімов үйлену тойын Орал қаласының төрінде дүркіретіп өткізді.

Танымал продюсердің таңдауы атыраулық Мөлдір есімді аруға түскен.

Шәрімов Instagram-парақшасында қалыңдығымен түскен суретін жариялап, “Иә, солай”, – деп жазған.

Танымал продюсер Алпамыс Шәрімов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Жас жұбайлардың тойына эстрада жұлдыздары да келіп, қуанышына ортақтасты. Олардың ішінде әнші Гүнұр Оразымбетова, Ерке Есмахан, Серік Ибрагимов,  «Бастау» тобы, тележүргізуші Жанар Байсемізова бар.

Танымал продюсер Алпамыс Шәрімов шаңырақ көтерді (фото, видео)

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Serik Ibragimov 🇰🇿 (@ibragimovserik)

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Гүлнұр Оразымбетова (@gulnurorazymbetova)

Ал Алпамыстың желідегі оқырмандары оны шаңырақ көтеріп, отағасы атанған күнімен құттықтап, ақ жарма тілектерін жаудырып жатыр. Белгілісі, қазіргі уақытта Димаш Қытайда жүр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау