Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал нумеролог: Төреғалидің нумерологиясында тек президенттерде кездесетін сандар бар

Еліміздегі есер ән жазып, ессіз клипке түскен әншілер, хайптың соңына түскен жұлдыздар биыл да ел-жұртты шулатты. Бірі ерсі қылықтарымен жаға ұстатса, басқасы жеке өміріндегі өзгерістермен халықты таңдай қақтырған. Тізе берсең көп әйтеуір. Кім есер қылығымен есте қалды, ал кім үшін бұл жыл сәтті болды? Танымал нумеролог қандай болжам жасады?

Танымал нумеролог: Төреғалидің нумерологиясында тек президенттерде кездесетін сандар бар

Жұрттың аузынан түспейтін шоу бизнес өкілдерінің топтамасын Еуразия бірінші арнасы жасақтады, деп жазады Stan.kz  ақпараттық агенттігі.

Бұрынғыдан өзгермей, биыл да басы даудан арылмаған, шоқ басып, аңдамай сөйлейтін жұлдыздардың бірі – Төреғали Төрәлі десек еш қателеспейміз. Өзін «Ұлы дала баласымын» деп атаған халықтың еркесі бір емес, бірнеше рет дөрекі мінез танытқаны жұрттың есінен әлі кетер емес.

“Әр жүрісінің өзі хайп болып кетті ғой. Өз басым оның ерсі қылықтарына қарсымын. Әншімін де, үлгі көрсетудің орнына, істеп жүргені мынау. Мүмкін жұлдыз ауруы шығар. Төреғали өз қылығын білгенде, бұның бәрін өзіне дұрыс деп тұр ғой”.

Бірі Төреғалидің ерсі қылықтарын жұлдыз ауруы десе , өзгесі кезекті хайптың көрінісіне балады. Десе де, жасыратыны жоқ, ол не істесе де, халықтың сүйікті әншісі болып қалуда. Неге? Осыған қатысты нумеролог Клара Күзденбаевадан біліп көрейік.

«Бұл адамды ақыл емес, эмоция билейді. Өзінің айтқан сөзінен таймайтын жан. Оның жұлдызында нақты белгі жоқ болғаннан кейін, кейде ол не істеп жатқанын өзі де білмей қалады. Себебі ол эмоцияға беріледі. Алайда, ол не істесе де, оған барлығы кешіріммен қарайды. Өйткені бұл азамат нағыз халықтың еркесі. Онда 2 «7» бар екен. Ал 2 «7» тек президенттерде ғана кездеседі» – дейді нумеролог Клара Күзденбаева.

Бірақ, басы дауға қалып, артынан сөз ерген Төреғали Төрәлі биылғы қылықтарынан әлі де сабақ алмаған тәрізді. Себебі, сұрақ қойған тілшілерге тағы да мінез танытқан көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау