Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Николай Караченцов қайтыс болды

Кеңестік халық әртісі, Ресейдің театр және кино актері Николай Караченцов қайтыс болды. Актер 73 жасында 74-ке толуына бір күн қалғанда Мәскеудің қалалық онкологиялық ауруханасында көз жұмды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Николай Караченцов қ

Танымал халық әртісінің отбасы Николай Караченцовтың бүйрегі істен шыққанын айтты.

Бұған дейін дәрігерлер актердің сол жақ өкпесінен емделуге келмейтін ісік тапқан. Караченцов ұзақ уақыт бойы Ресейде емделіп, Израильге барып ем алды.

Қазан айының басында Николай Караченцов екі жақты өкпенің қабынуымен ауруханаға жатқызылды.

Николай Караченцов 1944 жылы 27 қазанда Мәскеу қаласында дүниеге келген.

Ол “Звезда и смерть Хоакина Мурьеты» («Жұлдыз және Хоакина Мурьеттің өлімі») қойылымының арқасында танылды.

Николай Караченцов театрда көптеген қойылымдарда, оның ішінде «Золотой ключик» спектакліндегі Кот Базилио, «Оптимистическая трагедияда» Алексейдің, Шекспирдің «Гамлетіндегі» Лаерттің рөлін сомдады.

Актер киноға 1967 жылдан бастап түсе бастады. Өз мансабында Караченцов 100-ден астам кинофильмде, оның ішінде “Собака на сене” “Приключения Электроника” (1979), “Дом, который построил Свифт”, “Человек с бульвара Капуцинов” фильмдерінде ойнады.

1989 жылы актерге Ресей кеңестік федералдық социалистік республикасының халық әртісі атағы берілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау