Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық тележүргізуші: Елден кетіп барамын

Танымал қазақстандық  тележүргізуші Алексей Шахматов КТК арнасынан кеткенін растады. Бірнеше апта бойы Алексей Шахматовтың жанкүйерлері КТК телеарнасында рейтінгі жоғары «Наша правда» бағдарламасын жүргізетін сүйікті тележүргізушіміз жұмысынан кететіндей не болды деп, болжады. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Танымал қазақстандық тележүргізуші: Елден кетіп барамын

Бүгінде Шахматов халықтың жанын жегідей жеген барлық сұраққа нүкте қойды.

«Құрметті достар! Мен Қазақстанда 37 жыл өмір сүрдім. Көп жылдар бұрын менің ата-анам 8 айлық баламен бірге Белорецк қаласынан Қостанайға келген болатын. Қостанайда алғаш мектепке бардым, кейінірек университетті тәмамдадым. Жас кезімде мен өз мақсатымды жақсы білетінмін. Телевидениеге 14 жасымнан қызықтым және сол уақыттан бастап арманыма қол жеткізу үшін алға жүре бастадым. Алғашында балалар телевизиялық бағдарламасында жұмыс істедім, содан кейін жергілікті радиода да бағымды сынап көрдім. Кейінірек ересектерге арналған бағдарламаны жүргізуді қолға алдым. Ал содан кейін армандарым мені Алматыға жетектеп алып келген сияқты. Бұнда көптеген адамдармен танысып, кездескеннен кейін жағдайлар біртіндеп жақсара бастады. Мен ешқашан бір жұмыс берушіден екінші жұмыс берушіге секіріп  жүрмедім. Менің өмірімде, қызмет кітапшамда тек екі негізгі жазба бар. Олар әрине, «Алау ТВ» ЖШС және «КТК» АҚ. Әрине, мен радиостанцияларда да қосымша жұмыс істеп, газеттер мен журналдарға арнап мақалалар жазып жүрдім. Бірақ мұның бәрі бүйірлік қызмет болды. Осы жылдардағы басты қызметім тек екі телеарна болды. Олар аймақтық және республикалық, «Алау» және КТК телеарналары», – деді Шахматов.

Алексей Шахматовтың КТК телеарнасынан кетейін деп жүргені туралы хабар мамыр айының басында пайда болды. Алайда, тележүргізушің өзі де, телеарнаның басшылығы да бұл жөнінде ресми хабарландыру жасамаған болатын.

«Мен атақ-даңқ, құрмет, сүйікті жұмыс, марапаттар, медальдарға ие болып, арманымдағы барлық нәрсеге қол жеткіздім. Әрине, мамандықтағы табыс өте маңызды, бірақ сәл тоқтайтын уақыт келді. Жасыратын ештеңесі жоқ, отбасы және өз денсаулым әрдайым маңыздырақ. Сондықтан, мен КТК-дағы қызметімнен, елден кетуге шешім қабылдадым. Менің жұмыстан босату туралы өтінішіме телеарна басшылығы қол да қойып қойды. Кім біледі, жаңа маусымда  КТК-ның кейбір жобаларына қатысуым да мүмкін. Бірақ, әрине, бұрынғыдай жиі емес. Дегенмен, кеудеңнен маңдайыңа берілген кәсібіңді жұлып алу оңай емес. Сондай-ақ, менің сүйікті арнам ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын, оған көп алғыс айтамын! Мен өз арманыма қол жеткізуге көмектесіп, кәсіби маман болуға мүмкіндік берген елімнен кетіп бара жатырмын. Мені жақсы көрген және осы жылдар бойы әріптестеріммен жасаған жұмысымыз үшін алғыс білдірген Қазақстан халқын тастап барамын. Мамандықта да, өмірде де тағдыр жолықтырған адамдарға алғыс айтамын», – деп қорытындылады танымал тележүргізуші.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау