Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық блогер сот алдында жауап береді

Facebook-те “Дядя Река” деген атпен танымал қазақстандық блогер Ринат Халиков ірі көлемдегі бопсалаушылық жасады деген күдікпен ШҚО сотында жауап береді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.


Ринат Халиков өткен жылдың 25 қарашасынан бері қамауда отыр.

“Халиков Ринат қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлімі 2-тармақшасында (бопсалаушылық) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айып бойынша қылмыстық істі Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Сотталушы Халиков аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр”, — деп жазылған ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының мәлімдемесінде.

Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 10 қаңтарда өтті.

“Тағылып отырған айып түсінікті. Кінәмді ішінара мойындаймын”, — деді блогер алдын ала тыңдау барысында.

Тағы оқыңыз:

Қарағандылық қыз ұрыс естімеу үшін белгісіз біреу зорлады деп өтірік айтқан

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының экс-директоры аз қамтылған отбасылардың жәрдемақысын алып отырған

ШҚО-да ішімдік ішкен оқушы қыз комаға түсті

Жынысын ауыстырған трансгендер дүниеге сәби әкелді

 

Талқылау