Танымал қазақ әншісі халықаралық байқауда топ жарды
“Ағайынды Жүгүнісовтер” тобының әншісі Мирас Жүгүнісов халықаралық ән байқауында еліміздің атынан өнер көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Өнер иесі Грузияда өткен халықаралық “Жібек Жолы жұлдызы” байқауында 1-орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында жазды.
“Ағайынды Жүгүнісовтердің әншісі, Грузияда өткен Халықаралық байқаудың 1-орын иегерін құттықтап қоялық, отандастар! Биіктен көріне бер, құлыншақ!” – деп ақжарма тілегін жеткізді ол.
Айта кетейік, аталған ән додасына 14 елден келген әншілер қатысқан. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан қатысушылар бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жыл сайын Ұлы Жібек Жолы бойындағы мемлекеттер арасында өтеді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?