Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақ актрисасы екінші сәбиін күтіп жүр

“Сәбинка келін” кинокартинасы арқылы танылған актриса Айнұр Ілиясова қуанышты жаңалығымен бөлісті. Киножұлдыз екінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Айнұр Ілиясова

Актриса көптен бері ел көзінен тасада болуының себебін “ерекше жағдайдағы” суретімен түсіндірді. Айнұр домаланған ішімен түскен сурет жариялап:

“Сiздермен көптен берi бөлiсейiн деген жаңалығым осы”, – деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, киножұлдыз 2016 жылдың басында тұрмысқа шығып, сол жылдың аяғында қызды болған еді. Бүгінде Айнұрдың тұңғышы Дария 2 жасқа қадам басқалы отыр. Актрисаның жарының есімі – Дәулет екені белгілі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау