Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал футболшы маңдайына Інжіл кітабының сөздерін жазып өзіне қол жұмсады (фото)

Америкалық футбол жұлдызы Аарон Эрнандес “Нью-Ингленд Пэтриотс” бостан командасы атынан ойнаған. Ол Массачусетс  шататындағы түзеу мекемесінде асылып қалған күйінде табылды.

Former New England Patriots tight end Aaron Hernandez cies as he turns to defense attorney Ronald Sullivan reacting to his double murder acquittal after the sixth day of jury deliberations at Suffolk Superior Court Friday, April 14, 2017 in Boston. Hernandez stood trial for the July 2012 killings of Daniel de Abreu and Safiro Furtado who he encountered in a Boston nightclub. The former NFL player is already serving a life sentence in the 2013 killing of semi-professional football player Odin Lloyd. (AP Photo/Stephan Savoia, Pool)

Футболшы 19 сәуір күні көрпе тысын темір торға байлап, соған асылған. Камера ішін түрлі заттармен ашылмайтындай қылып бекіткен. Спортшы емханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.

Эрнанес өлер алдына маңдайына қызыл маркермен Інжіл кітабының сөздерін жазған. Онда: «Құдай әлемді шексіз сүйгендіктен, жалғыз ұлын құрбандыққа берді. Оған сенушілер, өлген жоқ, бірақ мәңгілік өмір сүрді» /ред./(Иоанна 3:16), – деп жазылған. Інжіл кітабы да камерада ашық күйінде жатқан.

1976926

2015 жылдың сәуір айында Ұлттық футбол құрамасының ойыншысы Эрнандесті адам өлтіргені үшін кінәлі деп  тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырған.

Кейіннен полицейлер футболшының тағы бір адам өліміне қатысты  дәлел тапты, алайда ол көз жұмардан бірнеше күн бұрын ол қылмыстан ақталып шықты.

Талқылау