Танымал әнші Таркан 45 жасында әке атанды
Танымал түрік әншісі Таркан 45 жасында алғаш рет әке атанды. Таркан мен оның жары Пынар Дилек қызды болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Таркан жеке өмірін жұрттан жасырмайтын әнші. Биылғы жылдың ақпан айында ол сүйіктісінің жүкті екенін хабарлаған болатын. Ал таяу күндері өнер иесі желідегі парақшасында жаңа туған қызының суретін жариялады. Ол қызының жүзін көрсетпеді, тек сүйінші хабарды жеткізді.
“Лия қызымыз дүниеге келді! Ол менің өміріме күн нұры болып кірді. Эмоциямды сөзбен айтып жеткізе алмаймын”, – деп қуанышымен бөлісті жұлдызды әке.
Айта кетейік, Таркан жары Пынармен 2008 жылы Германиядағы концерт кезінде танысқан. 5 жыл кездескен жұп 2016 жылы отбасын құрған-ды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?