Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал ақын Абдрахман Асылбеков өмірден озды

Белгілі ақын, көптеген өлеңдердің авторы Абдрахман Асылбеков өмірден озды. Қаламгер 80 жасында дүние салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Танымал ақын Абдрахман Асылбеков өмірден озды

Суыт хабарды елге Мейрамбек Бесбаев жеткізді.

“Бүгін ақын Абдрахман Асылбеков ағамыз дүниеден өтті. Алла алдынан жарылқасын. “Бозторғаймен” көкке самғатқан ағамның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын”, – деп өкініш білдірді Мейрамбек.

Айта кетейік, Абдрахман Асылбек 1938 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданының Үшарал ауылында дүниеге келген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мектепте мұғалім, әр жылдары газет-радиоларда, отандық баспаларда жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінде бас редакторы болған, одан бертін бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Абрахман Асылбектің еғ алғашқы “Жапырақтар” атты өлеңдер жинағы 1961 жылы жарыққа шыққан. Сондай-ақ, қаламгердің шығармашылығында сықақтар, мысалдар, ертегілер мен повестер бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау