Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Танымал актриса торлы матадан тігілген көйлек кигені үшін 5 жылға сотталуы мүмкін
Мысырда танымал фотомодель әрі актриса Рания Юсеф 12 қаңтарда сот алдында жауап береді. Ол теріс өмір салты мен адамгершілікке жат мінез-құлықты насихаттады деп айыпталуда.
Актриса Каир кинофестивалінің жабылу рәсімінде торлы матадан тігілген көйлек киген. Көйлек Юсефтің денесін айқындап тұрған. Сонымен қатар фотомодельдің аяқы ашық болған еді, деп хабарлайды The Daily Telegraph басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
44 жастағы актрисаның мұндай образы ислам дінін ұстанатындарды ашуландырды. Алайда Юсефтің Instagram желісінде жариялаған суреттері моральшы-заңгерлердің наразылығын тудырды.
Олардың сотқа жүгінгенін білген Рания кешірім сұрап, мұндай киімді таңдағаны үшін өкінетінін айтқан еді. Ол өзінің сырт келбеті көпшілікке осылайша әсер ететінін білгенде, қоғамдық орында ешқашан ашық көйлекпен жүрмейтінін айтты. Алайда оның сөзінің ештеңе өзгерте алмасы анық және алдағы уақытта сот отырысы өтеді.
Егер судья фотомодельдің әрекеттерінен арам пиғылын байқаса, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.