Танымал актер Сейфуллин көшесіндегі қыздардың білімін тексерді
«Бауыржан-шоу» театрының актеры Алмат Сақатов Сейфуллин көшесінде тұратын бойжеткендердің білімін тексермек болып сұрақ қойған. Қыздар өздері күнделікті тұратын көше атының кімге тиесілі екенін білмейтін болып шықты.
Актер такси жүргізушісі болып, Сейфулин көшесіндегі қыздарға тоқтаған.
«Кеше такси боп жұмыс істегем. Сейфуллин көшесінен төмен түсіп келе жатқанда 2 қыз тоқтатты. Әп-әдемі қыздар. «Сейфуллиннің аты кім?» деп сұрасам, «Жолбарыс» дейді. Ай, Құдай-ай», – деп күрсінді актер.
Желі қолданушылары Сақатовты «Сұрақ қоятын адамды таптыңыз ба дедім ғой» деген пікір білдірді. Кейбірі қыздардың қоғам қайраткері, ақын әрі жазушы Сәкен Сейфулинді ең болмағанда мектеп қабырғасында оқымағандарына таңғалды.
Актердың видеосы SN порталында жарияланды.
Тағы оқыңыз:
Лох-Несс көлінің туристі балаларымен жүрген 12 метрлік құбыжық туралы айтты (видео)
Қарағандыда ауылды жекешелендіріп алған кәсіпкер халыққа тиесілі мүліктерді саудаға салуда
Қазақ жігіттері Өзбекстаннан қыз алуды жиілеткен