Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актер байлығын қайырымдылыққа таратып беретінін мәлімдеді

Танымал қытайлық актер Чоу Юнь-Фат байлығын қайырымдылыққа таратып беруге уәде берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Танымал актер байлығын қайырымдылыққа таратып беретінін мәлімдеді

«Қалтарыстағы жолбарыс, тасадағы аждаһа» және «Керемет әзірленген» фильмері арқылы танылған танымал қытайлық актер Чоу Юнь-Фат байлығын қайырымдылыққа беруге уәде берді.

«Мен қарапайым бақытты адам болуды армандаймын. Өмірдегі ең қиын нәрсе сенің қанша табыс табатыныңда емес, тыныш, таза ақыл-ойыңды сақтап, қарапайым және уайымсыз өмір сүруіңде», – деді актер Чоу Юнь-Фат тілшілерге берген сұхбатында .

Юнь-Фат айына 100 доллардан көп ақша жұмсамайтынын айтты. Ол 17 жылдан астам уақыт бойы бір телефон ғана ұстап, оны тек бұзылғаннан кейін жаңасына ауыстырған. Сондай-ақ, ол заттарды көбінесе арзандатылған дүкендерден сатып алатын көрінеді.

«Мен киімді біреулер үшін кимеймін. Маған сол киімде ыңғайлы болса, соның өзі жеткілікті»,-дейді танымал актер.

Айта кетейік, Юнь-Фаттың байлығы шамамен 714 миллион долларды құрайды. Бүгінде байлығын қайырымдылыққа таратып беретінін мәлімдеген актер бұрын да қайырымдылықпен айналысатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау