Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таңғажайып танымалдылыққа ие болған Димаш туралы деректі фильм түсіріледі

Димаштың досы әрі продюсері   Алпамыс Шәрімов  әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде жас әншіміз туралы деректі фильм түсіруді ұсынды,- деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  Қытайдағы меншікті тілшісі.

Димашшш

«Димаш туралы деректі фильм түсіруді ұсынамын – оның Қытайға келгендігі, осында өткізген уақыты және «жаңа» Димаштың пайда болуы туралы. Достар, қалай ойлайсыздар? Қызықты идеяларды ұсынғандармен жұмыс істейтін боламыз», – деді  Құдайбергеновтің ресми өкілі.

Астана уақытымен түнгі сағат 1-ге дейін жалғасқан тікелей эфир барысында Шәрімов қытайлық жанкүйер қыздардың бірқатар хаттарын оқып беріп, әнші бейнеленген портреттерді көрсетті. Ол Instagram-дағы жазылушылардың сұрақтарына жуап бере келе, өзі туралы да бірқатар мәліметтер беріп өтті. Димаштың жеке өміріне қатысты көптеген сұрақтар қойылды.

Оған Шәрімов: «Димаштың басы бос, үйленбеген. Бұл тақырыпты жабайық», – деп қысқа қайырды. Айта кетейік, отандасымыз Димаш Құдайбергеновтің аспан асты еліндегі танымалдылығы осы елдегі «Singer 2017» ән байқауына қатысудан басталды. Ол байқаудың алғашқы екі кезеңінде – бірінші, үшіншісінде 3-орын алып, милиардтаған жұртты өз өнеріне тәнті етті.

Оқи отырыңыз:

Қытай қыздары Димашты сыйлықтардың астында қалдырды

Баян Мақсатқызы: Біз екеуміз екі отбасынан бөлініп қосылмақпыз

Үшінші орын алған Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келеді

Мақпал Жүнісованың қар күреген видеосы желіде “хитке” айналды (видео)

 

Талқылау