Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таңғажайып алып адамға айналғысы келген бодибилдер қауіпті тәжірибелер жасауда (фото)

Танымал комикс кейіпкеріне қатты еліктеген бразилиялық ер адам бұлшық еттерін бұлтитып, денесін ірілету үшін арнайы инъекция жасатқан.

04102016-valdir

48 жастағы Валдир Сегато бес жыл бұрын осы бір қауіпті тәжірибені өзіне жасай бастаған. Сол уақыттан бері оның денесі екі есеге үлкейген. Алайда Валдир осы көрсеткішпен тоқтап қалғысы келмейді екен. Ол өзгелердің сыртынан қарап, өзін әңгіме еткендерін ерекше мақтан тұтады.

04102016-valdir1

Ол мамандығы бойынша құрылысшы. Дегенмен, ол үнемі осындай ірі болмаған.

04102016-valdir2

Жасөспірім кезінен есірткіге әуестеніп, соның әсерінен арық болыпты.

04102016-valdir6

Валдир арықтықтан шаршап, жаттығу залына жазылған.

04102016-valdir3

Алайда табиғи жолмен дене шығарудың қиын екеніне көзі жетіп, синтол қабылдай бастаған. Дәріні ол үнемі кеудесіне, иығына, бұлшық етіне егіп отырған.

04102016-valdir5

Салмағы қазір 80 келі болатын ол инъекция оны күшті етпегенін, тек ғана сұлуландырғанын айтады. Алайда дене шығаруға құлай берілген ол денсаулығы бойынша қиын жағдайға да ұрынып қалуы әбден мүмкін.

04102016-valdir4

Дәрігерлердің қауіпті екпелерді салуға болмайды дегеніне қарамастан, ер адам бәрін дұрыс жасап жатырмын деп ойлайды. Тіпті ірі денесінің өзі оның әйелдермен қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.

Оқи отырыңыз:

Көңіл-күйін ишарамен білдіретін тілі шықпаған сәби елді таң қалдырды (фото)

Орыс модель қызы 14 жасынан бастап олигархпен бірге тұрады (фото)

31 келіге арықтап адам шошырлық күйге түскен қыз өзгелерді сақтандырады (фото)

20 жастағы ресейлік студент қыз пәктігін сатып оқу ақысын төлемек (фото)

Талқылау