Тамыры инеден жіңішке: 258 грамм болып туған нәресте перзентханадан шығарылады
Жапонияда 258 грамм болып туған шақалақ аман қалды. Оның тамырлары инеден де жіңішке болған.

Әлемде бойынша ең аз салмақпен өмірге келген сәби перзентханадан аман шығарылмақ.
Анасында жүктілік кезінде гипертония басталып, дәрігерлер оның құрсағының өзгеріске ұшырауынан қорыққан. 24 апталығында оған кесарь отасы жасалып, баланы өмірге әкелді.
Бұл сәби ең аз салмақта өмірге келіп, адам болып кеткендердің ішіндегі ең кішісі.
Анасының айтуынша, оған жақындаудың өзі қауіпті болған. Дәрігерлер де оған ине сала алмай әбігер болды. Шақалақтың тамырының жұқалығы инеден жіңішке еді.
Қазір баланың бойы 43 см, салмағы 3374 грамм. Сенбі күні перзентханадан шығарылады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған