Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамақты пісіріп жеу қауіпті болып шықты

АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институтының мамандары  пісірілген тамақты жеу семіздікке алып келетінін айтты. Ал шикі өнімдердің мұндай әсері жоқ, дейді.

Тамақты пісіріп жеу қауіпті болып шықты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі MedicalXpress басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тәжірибеге орташа жасы 31-ге дейінгі 20 адам қатысқан. Олар 2 апта бойы бастапқыда пісірілген тамақ жеп, артынша шикі тамаққа ауысқан. Оларға күніне үш уақыт тамақ беріліпті. Сонымен қатар шөлмектегі суды ішіп, күн сайын диетаға сәйкес тіскебасар жепті. 

Қатысушыларға пісірлген тамақ ретінде құрғақ таңғы ас, жасұнық қосылған сүт, маргарин мен маффиндер беріліпті. Ал шикі өнімдерден тұратын диетаны ұстанған кезінде жеміс-жидек, зәйтүн майы мен грек йогуртымен ауқаттанған. 

Анықталғандай, қатысушылар алғашқы екі аптада зерттеудің келесі кезеңімен салыстырғанда, күніне 508 килокалорийді артық тұтынған. Алайда дәл осындай уақыт бойы піспеген тамақ жеу денсаулық көрсеткіштерін қалыпқа келтірді. 
 

STAN.KZ
Жұма, 17 Мамыр, 2019 14:10
Талқылау