Талғат Ермегияевтың оққағары бастығына сөмкелеп қалай ақша тасығанын айтты

Бейсенбі, 31 Наурыз , 2016 23:08

Бюджеттің миллиардтары тоналған атышулы «ЭКСПО ісіне» қатысты жаңа дерек! КТК тілшілерінің қолына Талғат Ермегияевтың қазына қаржысын қалай жымқырғаны туралы тергеу материалдары түсті. ЭКСПО-ның экс-төрағасына сөмкелеп ақша тасыған Саят Нәдірбаев бұған дейін айтылғандай жәй жүргізушісі емес, жеке оққағары екен.

талғатттт

Ал оны Ермегияевтар өздері ұрлап, Алматыдағы таныстарының пәтерінде ұстап отырыпты. Тергеу материалдарында, бұл былықты жасырғандардың телефон әңгімелері жазылған таспа да бар.

 

Тергеу материалына сүйенсек, ЭКСПО-ның экс-төрағасы қазынаның қыруар қаржысын мына үйреншікті сызба бойынша қымқырып келген.  Бастапқыда халықаралық көрменің құрылысына бюджеттен 15 миллиард  теңге бөлінген екен. Талғат Ермегияев бұл соманы жалған тендерлер өткізіп, сыбайлас компанияларының шотына аударыпты. Сөйтіп, 10 миллиард теңгені талан-таражға салған. Өзі көзге түспесі үшін ақшаны шоттан шешіп алуға сенімді адамы, әрі оққағары Саят Нәдірбаевты жұмсаған.

«Талғаттың тапсырмасы бойынша істедім»,-дейді  саят Нәдірбаев.

 Куәгер ретінде жауап беру сәтінде оққағар, ақшаны қайда жеткізгенін жатқа соғып отыр. Тендерде бюджеттің миллиардтарын ұтқан кәсіпкерлердің бірі Ермегияевты ренжітпеген екен. Сол сөмке толы ақшаны Нәдірбаев басшысының Алматыдағы коттеджіне жеткізіп отырған.

 «Бір күні Талғат  мейрамханадан шықты да: саған бір кісі хабараласады деді. Көп ұзамай маған Марс деген бейтаныс жігіт  қоңырау шалды. Келісіп, кездестік. Ол: көлігінің артқы орындығында  жатқан пакетті ал. Ішінде 200 миллион теңге бар деді. Осылай, Макспен бірнеше рет жолығып, бума-бума ақша алдым. Түгел Талғатқа әкеліп бердім»,-дейді  талғат Ермегяевтың оққағары Саят Нәдірбаев.

 Бастығының былығын әшкерелеп берген соң тергеушілер Саят Нәдірбаев бостандыққа қоя береді. Алайда, ол кейін жер жұтқандай  ұшты-күйлі жоғалған. Артынша оның әйелі: «құзырлы орган қызметкерлері  күйеуімді қасақана ұрлап кетті» деп ақпарат құралдары арқылы шу шығарған болатын.

Ал Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро мұның бәрін әдейі ұйымдастырып жүрген Талғат Ермегияевтың әкесі, елге танымал кәсіпкер, аз-кем билікте болған Амангелді Ермегияев деп отыр. Яғни , үлкен Ермегияевтің жиені – сол басты куәгерді Алматыдағы танысының үйінде жасырып келіпті. Бұған сыбайластардың телефон әңгімесі жазылған мына таспа дәлел.

-Ана кісіні үстіңгі қабатқа шығарып жіберсе де,  бірдеңе қылсын.

-Жоқ, сен айт оған, тапшанның астына тығып тастасын.

Бірақ, қулықтары іске асқан жоқ. Жеті айдан бері бас сауғалап жүрген Нәдірбаевты Ұлттық бюро қызметкерлері ақыры қолға түсірді. Ермегияев оққағарын қызғыштай қорғап, тергеушілерден жасырып ұстауының себебі бар. Өйткені, Саят Нәдірбаев соңғы 6 жыл бойы  ЭКСПО-ға жетекшілік еткен экс-төрағаның үнемі қасында жүрген және бүкіл қылмысының куәгері. Кезінде, арнайы жасақта қызмет етіпті. Ал ақпарат құралдарын шулатып жүрген оққағардың келіншегі нақты айғақтарға қарамастан күйеуінің жазықсыз екеніне сенімді.

 «Ермегияевты ұстаған кезді менің күйеуім үйде болған. Жұмыс іздеп жүрді. Жасырынып қалу деген оның ойында да болмады. Оны полицейлер 7 айдан бері таба алмай, енді сотқа бір апта қалғанда аяқ асты қолға түсірді»,-дейді Саят Нәдірбаевтың әйелі Аида Нәдірбаева.

 Тергеу мәліметтеріне қарағанда, «Астана-Экспо-2017» ұлттық компаниясының басшылығы осындай түрлі құйтырқы жолмен мемлекеттің миллиардтарын қалталарына басыпты. Талғат Ермегияев 4 миллиардты тек пара ретінде алған деп айыпталуда. Қазір ол Астанадағы пентхаусында үйқамақта отыр.

Ал басшысына сөмкелеп ақша тасыған Саят Нәдірбаев қазір Алматыда қамауда. Оққағарға ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған. Енді ол басқа сыбайластармен бірге сот алдында жауап береді.  Егер Саят Нәдірбаев тергеу кезіндегі айтқандарынан айнып қалмаса, Талғат Ермегияевтың әлі талай былығы ашылуы мүмкін.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар