Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғарда 31 жастағы мүгедек жігіт үйінде балаларға шахмат ойнауды үйретіп жүр

Сал ауруына шалдығып, төсекке таңулы жатқан Талғар қаласының тұрғыны Алексей Вершинин үйінде балалар мен ересектерге шахмат үйретіп жүр.

Талғарда 31 жастағы мүгедек жігіт үйінде балаларға шахмат ойнауды үйретіп жүр

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Болашақ жаттықтырушы бір жаста болған кезде дәрігерлер оған бұлшық еттің семуі деген диагноз қойған. Дәрігерлер емделмейтін генетикалық ауруға шалдыққан баланың бес жылдан артық өмір сүрмейтінін болжады.

31 жастағы Алексей Вершининге шахмат ойнауды әкесі бала күнінде үйреткен екен. Бүгінгі күні төсекке таңулы жатқан Алексейдің тәрбиеленушілері  қалалық және республикалық турнирлердің жүлдегері атанып жүр.

«Алексейдің әкесі зейнеткер, ол да мүгедек. Әрине бүкіл ауырпалық ананың мойнына түсіп отырғандықтан, оған қиын. Бірақ Алексей бұл жағдайға қарамастан өз білімімен бөлісуге күш-жігер тауып отыр», – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Мүгедектігіне қарамай отбасын асырап отырған Алексейдің ең жас оқушысы төрт жаста болса, үлкені қырықта. Қолдары мен аяқтары қимилсыз қалған жаттықтырушы шахмат сабақтарын өз үйінде өткізеді. Алайда өткен қыста оларда үйді жылыту үшін пеш сатып алатын қаражаты жоқ болғандықтан, арнайы мектеп жабылып қала жаздады.

Талғарда 31 жастағы мүгедек жігіт үйінде балаларға шахмат ойнауды үйретіп жүр

«Сол уақытта не істейтінімді білмедім. Бұл қыс өте қатал болды. Шахмат үйренуге келен балалар да, мен тұмауратып қалдық. Ал мен балаларға шахмат үйретіп, олар үшін турнир ұйымдастырамын деген керемет жоспар құрып жүр едім», – дейді Алексей Вершинин.

Талғарда 31 жастағы мүгедек жігіт үйінде балаларға шахмат ойнауды үйретіп жүр

Сол қиын қыстау кезеңде қазақстандық шахмат федерациясының серіктестері арасында жылдам турнирге қатысушылар (WRPF, WCA, Алматы марафоны және т.б.)  жаттықтырушының отбасына көмектесіп, қол ұшын созды. Олар Вершинин мектебінің конкурстық жүлде қорына 350 мың теңге бөлді.

«Осы сомаға федерация 16 кВт сыйымдылығы бар кореялық Навиен қабырғалы газ қазандығын сатып алып, орнатып берді. Алматыда жылыту маусымының аяқталуына қарамастан, Алексейдің жеке үйі әлі салқын, сондықтан ол қазандықты әлі күнге дейін пайдаланылуда. Сонымен қатыр, талғарлық жаттықтырушының денсаулығын нығайту үшін дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектер де сатып алынды», – деп хабарлады қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, қазақстандық федерация Алексей Вершининнің үйінде ашылған мектепке он шақты шахмат тақталарын және фигураларын, он бес электрондық шахмат сағаты мен тақтасын сыйлады.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда 8-сынып оқушысы бағалы балықтардың тұқымын өсіретін шағын ферма ойлап тапты

Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті

Ақмола облысында прокурор автокөлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін іліп алып, көлік басқарған

 

Талқылау