Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда “жеңгетайлықпен” айналысты деген күдікпен қонақүй әкімшілері ұсталды

Талдықорған қаласында жергілікті қонақ үйлердің бірінде құқық қорғау органдары жезөкшелікпен айналысатын притонды анықтап, жұмысын тоқтатты.

Анықталған притондарда 20-38 жас аралығындағы он әйел ақшаға интимді қызмет көрсетіп келген. Жезөкшелікпен айналысты деп ұсталғандар полицияға жеткізіліп, профилактикалық есепке қойылды.

«Бұл қонақ үйдің төрт әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Күдіктілердің біреуі қамауға алынып, үшеуі қолхатпен жіберілді. Осы факті бойынша алдын ала тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабына сәйкес жүзеге асырылады», – деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция заңбұзушылықтарды анықтаған қонақүйдің қызметі уақытша тоқтатылды. Қонақүйдің иесі де жауапқа тартылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау