Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда шенеуніктің жұмысына көңілі толмағандар оның суретін қала көшелеріне іліп тастады

Талдықорғанда қоғам белсенділері облыстық монополияға қарсы күрес басқармасы басшысын қызметке лайық емес деп айыптап, оның суретін қала көшесіне іліп тастаған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

пии

“Осы жылы сәуір айында “Жетісуэнерготрейдті” заңсыз көтеріп, жарық бағасын аспандатты, ал мамыр айында оны менің шағымым бойынша алып тастады. Қазір “Теплосервис” 200 миллионды қайтарып жатыр. Осындай заңсыздықтардан кейін мен сенбеймін”, – дейді қалалық қоғамдық палатаның мүшесі Любовь Гаркуша.

Ал Тұрсынбай Галинов болса негізсіз өзін айыптап, абыройына нұқсан келтіргендерді сотқа беретінін мәлімдеді. Ал айыптауға қатысты коммуналдық қызметкерлерді кінәлайды. Олар ақшаны дұрыс пайдаланбай отыр дейді.

“Билбордқа келетін болсақ, бұл әркімнің өз ісі. Гаркуша департамент кезінде сарапшылар құрамында болған, сол себепті ол квалификациялық талап бойынша жаңа құрамға енбей қалды. Сондықтан ол үнемі жамандап, енді билборд іліп қойыпты”, – дейді Алматы облыстық табиғи монополияларды бағдарлау агенттігі жетекшісі Тұрсынбай Галинов.

Оқи отырыңыз:

Тоқтар Төлешовтың екі әйелі оны сотқа берді

Қызылордада жас жігіт 20 мың теңге үшін таксисті өлтіріп кетті

Астаналық жас тоқал көңілдесінің министрлікте лауазымды қызмет атқаратын айтты

Банк келісім шартын оқығанда неге назар аудару керек?

Талқылау