Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда полицейлер интернетке салынған видео үшін жергілікті тұрғынды сотқа берді

Талдықорғанда облыстық полиция қалалық жүргізушілер одағының төрағасымен соттасып жатыр. Дау әлеуметтік желіде жарияланған жазбадан басталған деп хабарлады КТК.

vvv

Елдерхан Шұратбаев өзінің ғаламтордағы парақшасына самсахана жанында тұрған тәртіп сақшыларының видеосын салып, оларды мысқылдайтын жазба қалдырған. Бұған шамданған полицейлер әй-шайға қарамай, сотқа арыз жазды.

“Құқық қорғау қызметі” туралы Заңның 17-бабында ішкі істер қызметкерлеріне кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынған. Сондықтан Шұратбаев ақпараттық желі арқылы бөтен тұлғаның ар-намысы мен беделіне нұқсан келтірді”, – дей дейді Алматы облысы ІІД ресми өкілі Бауыржан Сүлейменов.

Шұратбаевтың сондағы жазғаны мынау: “Назар аударыңыздар! Қапшағайда самса мен сексеуіл сататын жаңа автокафе ашылды. Көлік жол-патрульдік полиция секілді безендіріліп, қызметкерлері де полиция секілді киінген. Қолдарындағы радармен көліктегі адамдардың қарны аш келе жатқанын біледі. Керемет! Алматы облысының полицейлері, жарайсыңдар!” делінген.

Дәл осы жазбасы үшін Шұратбаевтың үстінен бұған дейін 2 сержант шағымданған болатын. Бірақ сот екеуін де қанағаттандырмай тастады. Енді мәселеге облыстық департаменттің өзі кірісіп жатыр. Алайда жол полицейлерінің неліктен самсахананың жанында тұрып жұмыс істегенін түсіндіріп бере алмады. Сот отырысы әлі де жалғасатын болады.

“Елдархан Шұратбаевтың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп санаймыз. Өйткені, 130-шы бапта қылмыс нысаны азаматтың жеке тұлғасы, құқықтары мен міндеттері деп көрсетілген. Яғни, бұл бап бойынша жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар қарастырылуы керек. Ал шағым түсіруші жеке тұлға емес, заңды тұлға”, – деді Шұратбаевтың адвокаты Есенбол Мамырқанов.

Оқи отырыңыз:

Бас мүфти пәтер жалдап тұратын көп балалы отбасыға баспана сыйлады (фото)

Қазақ даласынан ұлттық ою-өрнектер пішініндегі қорғандар табылды (фото)

Аралда тұратын емші бала Ербосынға жұрт іздеу салып жатыр

Талқылау