Талдықорғанда пәтерлерді әділ бөлуді талап еткен тұрғындар наразылыққа шықты
Талдықорғанда коммуналдық пәтерге қол жеткізе алмай жүрген көп балалы аналар наразылық білдірді. Олардың айтуынша, әкімдік жылда су жаңа үйлерді пайдалануға бергенімен, соларды ұмыт қалдырады екен. Осыған қарағанда шенділер баспаналарды өзара бөліп жатыр немесе алуға тиіс емес адамдға заңсыз үлестіріп жатыр деп күдіктенеді, деп хабарлайды КТК арнасы.
Жылы жерде ұл-қызын қарап, олардың ас-ауқатын беріп отыруы тиіс онға жуық батыр ана амалсыз көшеге шығуға мәжбүр. Ашулы топ қала әкімдігіне өкпелі. Айтуларынша, шенділер пәтерлерді мұқтаж жандарға емес, бай-бағландарға үлестіруде. Сондықтан «Алтын» және «Күміс» алқа иелері облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінен тексеру жүгізуін талап етуде. Бірақ, мұндағылар бұл шаруаны қадағалау құзіретімізге кірмейді деп қайырған.
“Біздің бір біле алмай жүргеніміз тұрғын үй комиссиясында отырған жаңағы мемлекеттік қызметкерлердің үстінен кім қарайды? Жаңағы ол кісілерді тәртіпке кім шақырады. Мысалы: мемлекеттен бөлініп жатқан үйлердің барлығы халықтың қаржысына салынған үйлер. Оны халықтың сұрауға құқысы бар. Кімдер алып жатыр”, – дейді батыр ана Жазира Қамолданова.
Шу шығарғандар пәтер кезегінде нешінші болып тіркелгендерін де біле алмай жүр. Тіпті, сол су жаңа үйлерден үлестіріліп жатқан баспаналарды кімдердің алып жатқандары да түсініксіз дейді. Осы сауалдың жауабын білу үшін белсенді топ қоғамдық бірлестік құрған. Сөйтіп тұрғын үй комиссиясы өткізетін жиынға да қатыспақ болыпты. Бірақ, бірде біреуін басқосуға кіргізбей қойған.
“Меніңше, мұнда шенділердің өздерінің қатысы бар. Өйткені қала әкімдігіндегі көлік жүргізушінің атына жер үй мен екі пәтер тіркелген. Тіпті, сол мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген баспаналарда белгісіз адамдар жүр. Кейбірінде туыстары тұрып жатыр, есіктері де екі жыл бойы жабық тұратын пәтерлер де бар. Қажет болса осы деректерді делелдейтін құжаттарымыз қолымызда”, – дейді тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының төрағасы Әмір Ғазалиев.
Ал, қалалық әкімдік өкілдері заңға сүйеніп құтылды. Айтуларынша, тұрын үй комиссия отырысына бөгбе біреуді қатыстыру заңға томпақ дейді. Бұған дейін де жиынға кіруге ниет білдіргендер болыпты. Бірақ әркеткеттерінен түк шықпаған.
“2012 жылдың жетінші маусымында ҚР агенттігінің 237-ші бұйырығы бойынша, кімдер ол жерге кіру керек екендігі айтылған. Яғни ол жерде өзіміздегі қалалық аппараттан және сол жердегі перечень бойынша кіруге мүмкіндік бар. Ал, қалған адам ол жерде көрсетілмеген. Яғни, сырттан келген адамдар ол жерге бақылаушы болып кіре алмайды”, – дейді Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс.
Қалай болғанда әділдік іздеген көп балалы аналар өліспей беріспек емес. Енді олар тұрғын үй комиссия отырысы тәртібін өзгертуін сұрап парламент депутаттарына хат жауға қамданып отыр. Қазірден қол жинауға кіріскен. Қолдаушылары да көп болатынына сенімді. Өйткені қалада пәтер бұйырмай жүрген 15 мың тұрғын бар.
Жіберіп алмаңыз:
Алматылық кәсіпкер прокуратураның шатырын жөндеуден бас тартқаны үшін 8 жылға сотталып кетті
Алматыда бұзақылар ересек азаматты соққыға жығып, ақыл-есінен айырған
Атырауда судьялар сотталушыдан жазасын қысқарту үшін 20 мың доллар мен үй сұраған
Ақтөбе облысында зорланған келіншектің туыстары ішкі істер бөліміне басып кірді

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
