Талдықорғанда менингиттен көз жұмған бүлдіршіннің ата-анасы ауруханаға жатқызылды
Талдықорғанда менингиттен көз жұмған бүлдіршіннің ата-анасы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Талдықорғанда 2 жасар қыз ауруханаға жеткізілгеннен 1,5 сағат өткеннен кейін көз жұмды. Дәрігерлер оның менингиттен көз жұмғаны туралы алдын ала тұжырым жасады.
Мамандардың хабарлауынша, менингокок инфекциясын жұқтырған бүлдіршін ата-анасымен бірге Алакөл ауданы Көлбай аулындағы ауызашарда болған. Баламен байланыста болған 66 адамның барлығы тексерілді. Қазіргі уақытта қайтыс болған баланың ата-анасы 11 айлық екінші баласымен бірге ауруханада жатыр. Олар дәрігерлердің бақылауында. Мамандардың сөзінше, әзірге олардың жағдайы жақсы. Бала ауырып қалғанда, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Алайда баланы ауруханаға бірден жеткізбепті. Анасы баланың қызуын түсіруге тырысқан. Өкінішке орай, менингит жұқтырған бала ауру тым асқынып кеткен кезде ауруханаға жеткізілген.
«Баланың денесі сараптамаға жіберілді. Мұнан кейін қызметтік тексеріс жүргізіледі. Сол кезде барлығы анықталады. Егер дәрігерлер кінәлі болса, ол анықталады», – дейді Талдықорғандағы өңірлік инфекциялық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді