Талдықорғанда куәгер екі ит талап өлтірген баланың оқиғасын айтып берді

Талдықорғанда куәгер Самғат Мұратұлы 7 жастағы баланы иттің қалай талап өлтіргенін айтты. Ол иттің талағанын көре сала көмекке ұмтылған, деп жазады Қазақпарат.

Айтуынша, екі ит баланы талап жатқанда өзге иттер шәуілдеп үріп кетеді. Мұны естіген соң бірден көмекке ұмтылған. Темірді алып, иттерге тап береді. Иттің бірі жігіттен  жүрексініп қаша бастағанда екіншісі де соңынан ілескен. Ал баланың бет-жүзі қан жоса болып сорғалай бастапты.

“Иттің бірі баланың басынан, бірі аяғынан талап жатты. Иттерді қуған соң баланы үйге шақырып едім ол жалма жан жүгіріп кетті.  Жедел жәрдем шақырдым. Олар дереу жетті”, – дейді Самғат.

Ал баланың әкесі Сымбат Шектібаев итті де, иесін де қатаң жазалауды талап етуде.

Айтуынша, иттер аулада бос жүрген. Жағдайы жасалмаған. Аш болғандықтан адамға шапқан.

“Оқиға саяжайда болғанымен ит иесі қалада болып шықты. Ит шынжырсыз бос жүрген. Питбульдер торда қамауда тұратын иттер. Оған жағдай жасалмаған. Тамақтарын бермей, аш ұстаған. Сондықтан қатаң жазаны талап етем”, – дейді әкесі.

Айта кетейік бұған дейін екі иттің 7 жасар баланы талап өлтіргенін хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар