Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда қойылым кезінде цирк әртісі биіктіктен құлап кетті (видео)

Талдықорғанда 18 тамыз күні кешкі концертте өнер көрсетіп тұрған цирк әртісі биіктіктен құлап кетті. Цирк әртісінің сахнада құлаған сәті қойылымға келуші көрермендердің видеосына түсіп қалған, деп жазады Stan.kz.

Талдықорғанда қойылым кезінде цирк әртісі биіктіктен құлап кетті (видео)

Цирк әртісінің құлаған кезінде түсірілген видео бірден әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Биіктіктен құлаған акробат қызды жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. Бүгінде сахнада өнер көрсету кезінде құлап кеткен 28 жастағы акробатшының жағдайы белгілі болды.

Әріптестерінің айтуынша, әртіс қыздың дене мүшесіне ешқандай зақым келмеген және ол бүгінгі қойылымда өнер көрсете алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау