Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда көпбалалы ана президенттен көмек сұрады

Талдықорғанда 6 баланың анасы елбасыдан көмек сұрап отыр. Гүлсім Әбілмажинованың сөзінше, ол «Күміс алқа» иегері атанғанымен, куәлікте жіберілген қате үшін жәрдемақыны толық ала алмай жүр. Ол қалалық әкімдіктің табалдырығын тоздырғалы да бір жыл болғанын айтады.

Талдықорғанда көпбалалы ана президенттен көмек сұрады

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Президенттің алдына алып барған құжатта мен тегім қате жазылған. Елбасыдан көмек сұраймын. Осы мәселені шешіп беріңізші», – дейді 6 баланың анасы.

Гүлсім Әбілмажинова осыдан 10 ай бұрын Талдықорған қалалық әкімдігіне «Күмі алқа» иегері атану үшін құжаттарын өткізген. Алайда президенттің алдына құжаты 7 айдан соң жеткен. Сондай-ақ, көпбалалы ана құжатым жарамсыз боп қалды деп ашынады. Себебі 6 балаға төленуі тиіс 16 мың теңгеден қағылып, 10 мың теңге ғана алып отырмын, дейді ол.

«Сонда 6 мыңнан есептегенде, 11 айдың ішіндегі 66 мың теңгені кім төлеп береді? Алты баланың бір жылдың ақшасын жеп отыр. Берген медальдің күші жоқ. Күші тек кітапшада», – дейді Гүлсім Әбілмажинова.

Ал қала әкімдігіндегілер құжаттағы қате бізден кеткен жоқ деп сенімді болып отыр. Әкімдіктің құзырында тек құжаттарды жинап, Астанаға жіберу ғана, дейді олар.

«Шамамен 20 ақпанда Гүлсім Әбілмажинованың қолына құжаты тиеді деп кепіл береміз. Қазіргі жәрдемақысының айырмасын заң аясында қалай төлейтінін анықтаймыз. Егер мүмкіндік болса, төлеп береміз», – дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс.

Ал «Күміс алқаның» құжатын қате толтырған маманның салғырттығынан зардап шегіп жүрген көпбалалы ана егер жәрдемақы толық төленбесе, сотқа жүгінетінін айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау