Талдықорғанда екі ит 7 жасар баланы талап өлтірді
Талдықорғанда питбуль тұқымдас екі ит 7 жасар балаға шабуылдады. Бүлдіршін алған жарақатынан көз жұмды.

Қайғылы оқиға 6 қараша күні облыс орталығындағы жекеменшік саяжай маңында болды, деп жазады Sputnik.
Бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер балана аман алып қала алмады. Бүлдіршін жансақтау бөлімінде бірнеше сағаттан соң мерт болды.
Полицейлер ит пен ит иесін анықтады. 44 жастағы иесі 6-7 итті үйін қарауылдау үшін қойған. Болжам бойынша питбуль тұқымды екі ит ауладан шығып кетіп, балаға шабуылдаған.
44 жастағы Талдықорған тұрғынынан жауап алынды. Іс облыстық департаменттің қатаң бақылауында.
Оқиғадан соң мал дәрігер мамандары иттері ұстап ұйықтатып, арнайы сараптама үшін тексерді.
Ит иесіне 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"