Талдықорғанда бата беруден жарыс өтті
Талдықорғанда бата беру жарысында Көксу ауданының тұрғыны Данияр Оралбеков бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпазға 50 мың теңге қаржылай сыйлық табыс етілді.

«Батагөй» жарысына 20 адам қатысты. Облыстық деңгейде өткен шара осымен екі мәрте ұйымдастырылуда. Байқау шартына сәйкес қатысушылар үш түрлі бата берді. Оның ішінде екі бата кездейсоқ тәртіпте қоржыннан асық алу арқылы таңдалды. Ал бір бата өзінің қалауы бойынша берілді.
Бата-тілек сөздерді қарияларымыздың барынша жете меңгеруін, бата мен тілекті шатастырмауды мақсат еткен шарада келген ақсақалдардың ешқайсысы жүлдесіз қайтқан жоқ. Ынталандыру мақсатында әрқайсысына 10 мың теңгеден қаржылай сыйлық табыс етілді.
Тағы оқыңыз: Бата беру: дастарханға бата
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"