Талдықорғанда ата-анасы хабарсыз кеткен 6 бала өлместің күнін көріп жатыр (фото)

Дүйсенбі, 9 Қаңтар , 2017 22:16

Талдықорғанның егде жастағы тұрғыны Кәмила Қалиева немерелерін асырау үшін халықтан көмек сұрайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

076cf6900cd8f104f96b1d414aa00530

Сурет: Facebook/Кайрат Абдрахман

Facebook желісінің қолданушысы Қайрат Әбдірахман ата-анасы тастап кеткен 6 баланың мүшкіл халі жайлы жазба жариялаған.

«Ол балалар туралы маған қаламыздың полициясында қызмет атқаратын  досым айтты. Бұл балалардың анасы хабарсыз кеткен. Әкесінің қайда екенін құдай біледі. 6 бала әжесінің жанында қалған. Мына жылдамалы пәтерде күнелтіп жүр. Менің «Апай, немен көмектесе аламыз?» деген сұрағыма төрт ұл, екі қыздың әжесі оларға тамақ, көмір және балаларға кейбір киім керектігін айтып жауап берді», – дейді ер адам.

photo_204640

Ал Кәмила Қалиева Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жағдайларын түсіндіріп берді.

«Менің ұлым мен келінім ұзақ уақыт Астанада тұрды. Жұмыс істеп, балаларын асырады. Отбасында ұрыс, кикілжің болған емес. Бірақ жұмыстарының тұрақсыздығы салдарынан үнемі ақшаға байланысты қиындықтар болып тұратын. Сондықтан олар жазда Талдықорғанға бізге көшіп келді. Бастапқы уақытта саяжайда тұрды. Оқу жылы басталар кезде балаларға сабаққа қатынау ыңғайлы болу үшін, Солтүстік-батыс тұрғын ауданға көшіп келді. Мұнда айына 10 теңге төлеп, пәтер жалдап тұрды. Екеуі де жұмыс істеді. Бірақ белгісіз себептермен келінімді үнемі жұмыстан шығарып жіберетін. Ол үнемі жұмыссыз қалатын. Осыдан жиырма күн бұрын «Мадина» мейрамханасына жұмысқа орналасты. Содан бері хабарсыз. Енді оны полиция іздеп жатыр. Олардың сөзінше, келінім иесінің ақшасын ұрлап кеткен екен-мыс», – дейді әжей.

45bc5a7b5db32ea0c251507912d17d7a

Оның айтуынша, балаларын асырау  үшін, қаңтардың 5 жұлдызында ломбардқа теледидар өткізуге кеткен ұлы содан қайтып келмеген.

«Мен өзім уақытша баспанада тұрамын. Немерелеріммен бір үйге сыймаймыз. Қазір төртеуі сабаққа барып жүр. Бірақ бүгін сабаққа жібермедім, себебі полиция қызметкерлері келіп, оларды тергеді», – дейді балалардың әжесі Кәмила Қалиева.

faa5e652d7504afefaae9864a0e9f1d5

Әжейдің сөзінше, отбасы тамақ, көмір және мектепке арналған құрал-жабдықтарға мұқтаж. Немерелерінің бірінің аяқ киімі жыртылып қалғандықтан, бүгінде сабаққа қатынай алмай жүр. Көмек қолын созғысы келетін жандар Кәмила Қалиеваның +7 702 149 50 63 телефон нөміріне хабарласа алады.

Ал Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі бұл жағдайды бақылауға алғандығын, кейіннен оқиғаның анық-қанығын түсіндіретінін атап өтті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ар баланын оз несибеси бар. Сабидi беретин де алатын бир алла емес пе. Неси бар сонша туып деген дурыс емес

  • Анонимно says:

    Адам шамасына карай баланы дуниеге акелу кереккой мына киын заманда. Балаларды кинамай асырайтын жагдайы келмесе. Оте киын жагдай ата -анасынын жогалганы. Алла жар болсын!

    • Анонимно says:

      Дүниеге бала адамның емес Алланың қалауымен келетинин ұмытпаңыз. Ал алдырту ол үлкен куна. Басы қатты болсада аяғы тәтті демекші бұл балалар болашақта беделди азаматтар болар.

  • Анонимно says:

    Номерді толық жазбапсыздар

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар