Талдықорғанда 29 жастағы келіншек егіз баланы босану кезінде көз жұмды
Талдықорғанда 29 жастағы келіншек босану үстінде мерт болды.

Марқұм әйел егіз баланы өмірге әкелу кезінде көз жұмды. Оқиға облыстық орталығындағы ауруханада болды. Әйелдің артында 4 баласы қалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Әйелдің екі аптадан бері ем алып жүргенін айтты. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланған.
Алайда босану кезінде қиындық болды. Әйелден қан кетті. Оған бірнеше ота жасалды. Әйелдің аяқ астынан жүрегі тоқтап қалған.
“Болжамға сәйкес, дәрігерлер әйелдің өлімінің себебін тромбоэмболиядан деп отыр”, – дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Басқарманың мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады