Талдықорған тұрғыны жеке куәлігімді ХҚКО қызметкері өзгеге беріп жіберген деп айыптап отыр

Талдықорғанның Халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсырғанда абай болыңыздар. Мұндағы мамандар кез-келген маңызды құжатыңызды басқа біреуге ұстатып жіберуі мүмкін. Дәл осындай жауапсыздыққа талдықорғандық тұрғын Қанат Тақатов тап болдым деп отыр.

Тұрғынның айтуынша, оның жеке куәлігін мұндағы мамандар басқа адамға беріп жіберген, деп хабарлайды 31 арна. 

Өткен аптаның жұма күнінен бері Талдықорғандағы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары бейнебақылау камераларын ақтарып жатыр. Ал құжат дәл осы маманның қолынан беріліпті.

“12 наурыз күні осы кісі менен жеке куәлігін алып кетті. Өзі осы кісінің өзі”, – дейді Талдықорған қалалық ХҚКО-ң  маманы Назгүл Есдәулетова.

Дәл сол күні құжат берілген жердің төбесінде бір емес, бірнеше бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұрса да, мұндағы мамандар өз сөздерін дәлелдей алмай жатыр. Ал құжатымды үшінші адамға беріп жіберді деп күйінген тұрғын 12 наурыз күні, демек куәлікті алып кеткен күні Талдықорғандағы халыққа қызмет көрсету орталығы тұрмақ, тіпті қалада болмадым деп отыр. Тіпті куәлікті алар кезде қойылған мына қағаздағы қол да өзінікі емес екенін айтады.

“27 күні удостворениемды алу үшін тексеруге келгенде, миграцияда істейтін Баян деген келіншек Қадылбек деген кісі сенің паспортынды алып, пропискадан шығарып кетті деді. Сол кезде білдім. ЦОН-ның кесірінен мен зардап кешіп, еңбекақы төйлейтін жерде жұмыс істей алмай, өзім жатар орным мен тамағына ғана жұмыс істеп жүрмін. Біреудің малын бағып жүрмін”, – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Қанат Тақатов.

“Азамат Тақатовтың арызы бізде де бар, бізге де түскен. Қазір қызметтік тексерулер жүріп жатыр. Міндетті түрде тәртіптік шара қолданылады, қызметінен де кетуі мүмкін”, – дейді Алматы облысы бойынша ХҚКО департаменті директорының орынбасары Самат Иманғалиев.

Мал бағып, күнін әрең көріп жүрген азамат, куәлігімді бұрынғы жұмыс берушім алып кетуі мүмкін деп күдіктенеді. Енді қолында не куәлігі, не ешбір жерде тіркеуде жоқ Қанаттың күйі қалай болатыны белгісіз. Мекен-жайы жоқ азамат осының бәріне Талдықорғандағы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын кінәлайды.

Тағы да оқыңыз:

7 жасар баланың ісі: “Қорқытты” деп айыпталып жатқан Селтановтар жәбірленушілердің сөзін жоққа шығарды

Көкшетауда қоластындағы 55 жастағы қызметкерін тырнап алған 38 жастағы басшыға айыппұл салынды

Ақмола облысында өлі деп ойлаған қарындасы ағасына 17 жылдан соң қоңырау шалған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар