Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған тұрғыны сот ғимаратының алдында өзін өртеп жібермекші болды

Талдықорған қаласының тұрғыны қолына бензин құйылған канистр ұстап, өзін Алматы облыстық сотының қақпасына байлап, ереуіл ұйымдастырды. Бұл ақпаратты облыстық соттың баспасөз қызметі де растады.

Талдықорған тұрғыны сот ғимаратының алдында өзін өртеп жібермекші болды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сот ғимаратының алдына келіп, шу шығарған әйелдің қорғаушы Жағапаровты жазалауды талап етіп, осындай әрекетке барғаны белгі болды. Еленаның күйеуі Алик Мамбаев қалалық сотқа Алматы облыстық кеңесінде қорғаушы болып жұмыс істейтін Жаңапаровқа қарсы арыз берген екен.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың қорғаушыға шағым түсіру себебі апат салдарынан келтірілген залалды өтей ала алмай жүргендерінде болып отыр.

Олардың сөзінше, өтемақының сомасы 120 мың теңгені құрайды. Сондықтан Алик Мамабаев соттан қызметтерді тиісті түрде ұсынбаған адвокаттан осы ақшаны өтеп беруін талап етуде.

Осы азаматтық іс бойынша сот отырысы 19 қазандға сағат 10.00-ге жоспарланған.

«Елена Мамбаева бұл істе тарап болып табылмайтынына қарамастан, рұқсатсыз күйеуін қолдау үшін ереуіл ұйымдастырды. Ол сот ғимаратының алдына келіп, қарсылық білдіргенде оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау