Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғандық балабақшада екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті: Оқиғаның видеосы жарияланды (видео)

Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде екі жасар қыз екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Желіде оқиға кезінде түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорғандық балабақшада екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті: Оқиғаның видеосы жарияланды (видео)

Видео кадрларынан «Қарлығаш» балабақшасының қызметкері қызды көтеріп, ашық тұрған терезенің алдына шығарып қойғаны байқалады. Артынша тәрбиеші тағы бір баланы теерзенің жақтауына шығарып қояды. Осы кезде балалар бір-бірімен итерісіп, салдарынан кішкентай қыз москит торына бар салмағымен таянып, сыртқа құлап кетеді. 

 

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған тағы бір видеожазбада қыздың екінші қабаттан құлаған сәті көрінеді. 

 

Еске сала кетсек, Талдықорғандық балабақшада екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қыздың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалады. Ал облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Талқылау